Шынайы және лайықты ісі үшін еңбек сіңірген жоғары мемлекеттік марапат!

Шынайы және лайықты ісі үшін еңбек сіңірген жоғары мемлекеттік марапат!
 
Еліміздің әртүрлі облыстарындағы қазақстандықтардың белсенді қоғамдық қызметі және әртүрлі салалардың дамудағы ерен еңбегі үшін ҚР Тәуелсіздік Күні қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапатталды. Барлық осы адамдарды біріктіретін бір нәрсе – өз Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру және жұмыс істеу. Олардың арасында - біздің жерлесіміз "Ақсайгазсервис" АҚ президенті, БҚО мәслихат депутаты Т. И. Шектбаевта бар.
 
14 желтоқсан күні Орал қаласында Облыстық Қазақ драма театрында салтанатты түрде саясат пен экономика саласындағы көрнекті қайраткерлерінің, мәдениет және өнерде еңбегін сіңірген қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ол "Құрмет" орденімен марапатталды. Құрметті марапатын мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың атынан және тапсырмасы бойынша облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы табыстады.
 
 
Ақсай қаласы және Бөрлі аудандық халқының жан - жақты қолдауы кең ауқымды әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бағытталған және 8 жылдан бері атқарылып келе жатқан Тілек Ишболатұлы Шектібаевтың еңбегін осылай жоғары тану кәсіпорынның барлық өндірістік қызметінің тұрақты өсуі лайықты бағаға ие болды. Аудан тұрғындарына жұмыс орындарын құру үшін Қоғамның ұжымын және ауданды жалпы алғанда жұмыспен қамту Т.И.Шектібаевтың тұрақты қамқорлығы болып табылады. "Ақсайгазсервис" АҚ - ның президенті Т.И.Шектібаевтың бастапқы еңбек қызыметімен бірге бірнеше рет өскен компанияның бүгінгі күнгі саны - жергілікті тұрғындардан 1700 адамды құрайды, сонымен бірге, еңбек ұжымы көптеген жылдарға жұмыспен қамтамасыз етіліп, адамдарда ертеңгі күнге деген сенім және өз кәсіпорыны үшін мақтаныш ұялайды!

Қазір Т. И. Шектібаев - ірі өндіріс ұйымдастырушысы, техник маманынан компания президентіне дейін кәсіби өсудің барлық сатыларынан кезең-кезеңімен өткен білікті жетекшісі. Жұмыс жасаған жылдаар ішінде Тілек Ишболатұлы кәсіпқой ретінде де және тұлға ретінде де өсе алды.

Ол - Қазақстан және ресей жоғарғы оқу орындарында жоғары білім алып, өндірістік компания тиімді өнімділігін қамтамасыз ететін жұмыстың ең озық нысандары мен әдістеріне ұмытылып және тұрақты өз бетімен білім алған Т.И.Шектібаев 2005 жылдан бастап компанияны ойдағыдай басқаруда.

Тиімділігі жоғары компанияны басқарудың заңды нәтижесі болып, 2012 жылдың желтоқсанында "Ақсайгазсервис" АҚ Батыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет ҚР «Үздік әлеуметтік - жауапты компания» номинациясын алған жүз пайыз қазақстандық компания болып табылып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қойылған алғашқы сыйлығының лауреаты дипломымен және алтын «Парыз» бас жүлдесіне ие болды.

Т. И. Шектібаевтың ұйымдастырушылық қабілеті, жауапкершілік дәрежесін және кәсіби құзыреттілік деңгейі, әділдік және адамгершілік секілді әбарлық кәсіби және жеке қасиеттері әрдайым бүкіл еңбек қызметінде байқалды және мемлекеттік, үкіметтік және салалық наградалармен тиісінше марапатталды:  

Мемлекеттік және үкіметтік марапаттары –
 
1) Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың жарлығы,Астана қ., 2008ж.;
 
2) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен" марапатталды, 10 қараша 2011 жыл. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Жарлығы, Астана қ., 2011ж. 
 
Салалық төс белгі - ерекшеліктері -
 
1) 1999 жылы ҚРэнергетика, индустрия және сауда Министрінің қолы қойылған Мұнай-газ секторын дамытуының қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Мунайына 100 жыл" салалық төсбелгісімен марапатталды.
 
Бөрлі аудандық мәслихатының сессиясының шешімімен № 22-1 жылғы 9 қыркүйегі 2010 ж. – " Бөрлі ауданының 75 жылдық мерейтойы медалімен" марапатталды.
 
Әлеуметтік - қоғамдық марапаттары -
 
1) Қазақстан экономикасының өсуі, әлеуметтік салада және басқа да қызмет салаларында қосқан үлесі үшін "Ұлт Даңқы" орденімен ("Слава Нации"), жоғары қоғамдық тануы мен сенімінің нысаны ретінде марапатын тапсыру күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында өтті, нөмірі 001, қыркүйек 2013 ж.;
 
2) 2010 ж. мамыр айында Шектебаев Тлек Ишбулатович – "Мінсіз іскерлік беделі үшін алтын медалімен" марапатталды, куәлік №075, Канн қаласы, Франция.
 
 

 

Бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат – "Құрмет" ордені - бұл "Ақсайгазсервис"АҚ барлық үлкен команданың болашақтағы жұмысына және таңдалған жолдарының адалдығын растайтын қазіргі кезеңдегі біздің жерлесіміздің жетістіктерін мойындау. 
 
Құрметті Тілек Ишболатұлы!

Сізді жоғары мемлекеттік марапаттымен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің Қазақстан Республикасы гүлденуі үшін табыс, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық тілейміз! 

(R) "Панорама Карачаганака" ақпараттық газеті

Документ без названия