Лайықтыларға – марапат!

 О.Фурлет

 
"Ақсайгазсервис"АҚ - да мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында кәсіпорынның үздік қызметкерлері марапатталды.
 
 
Кәсіби мереке қарсаңында «Ақсайгазсервис» АҚ – ы бірнеше жыл бойы компанияның үздік қызметкерлеріне естелік медальдар мен бағалы сыйлықтарды табыс ету дәстүрге айналған. Биылғы жылы 202 кәсіпорын қызметкері корпоративтік марапаты – "Почетный работник " - "Құрметті қызметкері" ерекшелік белгісімен марапатталды, оның маңыздылығы «тану», «жауапкершілік», «еңбекқорлық», «мамандыққа бейімделу» сияқты түсінімде көрініс табады.
 
«Ақсайгазсервис» АҚ президенті Тілек Ишболатұлы Шектібаев салтанатты мейрамғақатысып отырған әріптестерін өз және акционерлер атынын құттықтай келе, мынаны атап өтті:
 
- «Ақсайгазсервис» АҚ – ның көп санды ұжымы сервистік қызмет көрсете отырып, Батыс Қазақстан аймағы бойынша мұнай – газ кен орындарын игерудекөптеген жылдар бойы белсенді жұмыс істеуде. Көп жылдық қызметі және тұрақты үдемелі дамуы – бұл барлық ұжымының жемісі, сіздің жоғары кәсіби қызметініздің нәтижесі және жұмысқа деген жауапты қарым-қатынасыңыз. Өздеріңіз білесіздер, қызмткерлерді мадақтау және қолдау көрсету,    жұмыс  және демалыс үшін ұжымының барлық мүшелеріне қолайлы жағдай жасау –  компания қызметінің бірінші күндерінен бастап басымдылық болып табылады.
 
«Ақсайгазсервис» АҚ – ның көптеген қызметкерлері «Құрметті қызметкер»  - «Почетный работник» және «Үздік қызметкер» - «Лучший работник» корпоративтік ерекше белгілер мен медальдарының лайықты иегерлері болып табылады, бүгін біз үлкен ықыласпен және шынайы қуанышпен, әріптестеріне өзінің кәсібилігімен және шеберлігімен, жұмысқа деген жауаптылығы мен адалдығын көрсете білген  жаңа өндіріс озаттарын құттықтаймыз.
 
Сіздердің сіңірген еңбектеріңіздің және іске деген көзқарасыңыздың арқасында компанияның имиджі қалыптасады, жоғары нәтижелерге қол жеткізіледі, үлкен жұмыс көлемі жасалып,  жаңа тапсырыстар түседі және іске асырылады. Бүгінде "Ақсайгазсервис" АҚ - да батыс өңірінде мұнай - газ секторындағы кеңінен танымал компания, құрлықта және теңізде 1800-ден астам қызметкерлері жұмыс істейді. Компания басшылығы мен акционерлері өз қызметкерлерінің  жетістіктері мен жауапты көзқарастарын мақтан тұтады, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында қызметкерлер алғыс хаттармен, наградалармен, бағалы сыйлықтармен және дәстүрлі сыйақымен марапатталды.
 
- Адамдарға деген қамқорлық - сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз етілетін "Ақсайгазсервис" АҚ басшылығының қағидасы, - деп атап өтті Т. И. Шектебаев. - Спортпен, волейболмен айналысу, қалалық бассейнге бару, балалардың жазғы демалысын қаржыландыру және қызметкерлер мен зейнеткерлер үшін санаториялық - курорттық емдеу,зейнеткерлерді салтанатты түрде шығарып салу және оларға материалдық қолдау, Қоғамдық келісім Кеңесімен кәсіпорында балаларға ойын - сауық сипатындағы суреттер, ұлттық киімдер, спорттық – "Әкем, анам және мен – спортты отбасы" атты жүлде қоры бар іс - шаралар,үнемі үздік қызметкерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттау және он үшінші жалақы деп аталатын жыл сайынғы мерекеге қарсы сыйлықақы төлеу – бұл әлі де "Ақсайгазсервис" АҚ әлеуметтік жауапкершілік саясатының жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың толық тізімі емес.
"Ақсайгазсервис" АҚ - ның президенті Т.И.Шектебаев осы жылы «Құрметті қызметкер» - «Почетный работник» ерекшелік кеуде белгісімен тек компания қызметкерлері емес, сонымен бірге, "Лигабуе", "КИОС" және басқа шетелдік және отандық компаниялардағы серіктестер де марапатталғаны аса маңызды сәт.
 
Марапат тапсыру рәсімінде қатысып отырған қонақтарға Тілек Ишболатұлы - Серіктестерімізбен ұзақ мерзімді ынтымақтастық - бірлескен табыстың, біздің аймақтың және тұтастай елдің дамуына бағытталған тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың болуы үлкен сенім екенін, бұл өзара сенімнің, жоғарғы сапалы және жоғары кәсіби қызметтің сенімділігі екенін атап өтті.
 
Іс-шара барысында  "Ақсайгазсервис" АҚ персоналды басқару бойынша департамент директоры А.А.Искакова салтанатты шарада қызметкерлерді көтермелеу және марапаттау туралы бұйрықпен таныстырды.
 
"Ақсайгазсервис АҚ" - батыс өңірінің мұнай - газ секторындағы ең ірі сервистік компаниясы өздерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында жоғары өндірістік экономикалық жетістіктерімен қарсы алуда. Бұйрықта мұндай жоғары өндірістік көрсеткіштерге "Қоғамның даму стратегиясын және басшылықтың менеджменттік мақсаты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және орындалған жұмыстардың сапасын,  өндірістік процестерді дұрыс ұйымдастыру,"Ақсайгазсервис" АҚ - ның барлық қызметкерлерінің адал, жоғарғы кәсібилік еңбектерінің арқасында қол жеткізілді" - деп көрсетілген, оған сәйкес  "Ақсайгазсервис" АҚ 202 қызметкері - «Құрметті қызметкер» - «Почетный работник» ерекшелік кеуде белгісімен, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен – микротолқынды пешпен марапатталды. Сондай-ақ "Ақсайгазсервис" АҚ барлық қызметкерлері, бала күтімімен үйде отырған әйелдерді қоса алғанда ақшалай 50% мөлшерінде сыйақы берілді.
 
Редакциядан: "Ақсайгазсервис" АҚ компаниясына табыс пен одан әрі гүлденуді тілейміз.

Документ без названия