«Ақсайгазсервис» АҚ «Еңбек данқы»

2015 жылдың желтоқсаны "Ақсайгазсервис" АҚ үшін бірқатар жағымды оқиғалармен ерекшеленді. Компанияның бір қызметкері "Еңбек данқы" мемлекеттік орденімен марапатталды, және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің қарсаңында 31 компания қызметкері "Үздік қызметкер" төс белгілерімен марапатталды. Марапаттау рәсімі 15 желтоқсан күні «Ақсайгазсервис» АҚ қабырғасында өтті.

 

"Ақсайгазсервис" АҚ барлық қызме ттердің, бөлімдердің, бөлімшелердің және цехтардың өкілдері компанияның мәжіліс залында жиналды. "Ақсайгазсервис" АҚ компаниясының президенті Тілек Шектібаев жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атынан ие болған марапаты үшін қуанышты екенін және өз қызметкерін мақтан ететінің атап өтті. Айта кету керек, Орденді ресми тапсыру жуық арада Орал қаласында болып өтті. "Еңбек данқы" жоғары атағының бақытты иегері Ахметқали Әбішев БҚО әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қолынан мемлекет Басшысының қолы қойылған Орденді алды. Әріптестері Ахметқали Әбішевті осы марапатымен жеке құттықтауға жиналды.
"Ақсайгазсервис" АҚ президенті Тілек Шектібаевпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының 1 нөмірімен тіркелген Ордені Абышев Ахметқалиға табыс етілгенін мақтанышпен жариялады.

- Егерде осы марапатты Бөрлі ауданы кәсіпорындарының басқа қызметкері ие болса, мен шын жүректен қуанар едім, бірақ бұл Орденді біздің қызметкеріміз алғаны екі есе жағымды, - деді Тілек Ишболатұлы және Қазақстан компаниясының еңбеккерлерінің еңбектеріне жоғарғы баға беріп және сенім арытқандары үшін БҚО әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпкалиевке шынайы ризашылығын білдірді.
 

Кейін салтанат иесі: - Мен 2005 жылдан бастап "Ақсайгазсервис" АҚ жұмыс жасап келемін. Біздің компания КПО б.в. компаниясының бас мердігері болып табылады. "Ақсайгазсервис" компаниясындағы жұмыс біздің отбасымызға тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенімділікті тудырады. Комания басшылығы өз қызыметінде тек қызметкерлер мен олардың балаларын ойлап қана қоймайды, сонымен қатар, Бөрлі ауданының ҰОС ардагерлеріне, аз қамытылған отбасыларына, жетімдеріне қолдау көрсетеді. Мен осы компанияда жұмыс жасағаныма және Қазақстанның гүлденуіне және дамуына өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын, - деді толқыныс сезімімен Ахметқали Әбішев және "Ақсайгазсервис" компаниясының президенті Тілек Ишболатұлына және Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының басшылығына және әріптестеріне жоғарғы баға беріп, сенім арытқандары үшін ризашылығын білдірді.

 

"Еңбек данқы" Ордені 2015 жылы 17 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен бекітілді. Оның үш дәрежиесі бар, оның біріншісі жоғарғы болып табылады. Марапаттау ретімен жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және I дәреже. "Еңбек данқы" Орденінің иегерлерінің үш дәрежесі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен теңестіріледі. Сондықтан - бұл тек "Ақсайгазсервис" АҚ мақтанышы емес, барлық Бөрлі ауданы үшін мақтаныш.
Кейін компания басшылығы "Ақсайгазсервис" еңбек озаттарына "Үздік қызметкер" төс белгілерін тапсыру рәсіміне ауысты. Компания президенті Тілек Шектібаевтың қолынан "Ақсайгазсервис" АҚ 1 үздік қызметкері медальдар мен естелік сыйлықтар алды.
"Үздік қызметкер" салалық еңбек белгісі "Ақсайгазсервис" АҚ-ның басшылығымен екі жыл бұрын бекітілді. Келесі жылы компания басшылығы өз қызметкерлерінің еңбегін бағалау үшін жаңа марапатты бекітуді жоспарлап отыр.
Марапат тапсыру рәсімінде Тілек Ишболаұлы компанияның дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін жеке алғысын білдірді.
Осы немесе өзге жағдайда "Ақсайгазсервис" кәсіпорынның еңбек еткен жылдарындағы барлық қызметкерлері мен басшылығының алынған марапаттары еңбектеріне лайық. Бүгінгі күні "Ақсайгазсервис" компаниясы Бөрлі ауданындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Өз жетістіктерімен ол Батыс Қазақстан облысынан шет жерлеріне дейін аян.
Салтанатты жиналыс соңында "Ақсайгазсервис" АҚ президент Тілек Шектібаев 2015 жылы атқарған жұмысы үшін өз ұжымына алғысын білдірді және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен барлығын құттықтады

 

Документ без названия